25
ноябрь
2022
Түсініктеме жолдары
Түсініктеме жолдары
Түсініктеме жолдары1. Президенттік науқан елдің болашағына қатысты нақты көзқарасы мен жоспары бар күшті көшбасшыны әділетті таңдаумен аяқталды. Қазақстандықтар өздерінің басымдықтарын айқындап, алдағы жеті жылда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге болуға дайын екендіктерін нақты белгіледі.
2. Қ. Тоқаевтың жеңісі таңдалған жолдың дұрыстығына және елдің болашағына деген сабырлы сенімділігін, әділ Қазақстанды құрудағы біздің қоғамның ынталы ерік-жігерін көрсетеді.
3. Қ. Тоқаевтың сайлаудағы сенімді жеңісі халықтың Мемлекет басшысының прогрессивті реформалары төңірегінде бірігуінің айқын көрінісі. Азаматтар сенім мандатын берді. Сайланған Президенттің алдында алдағы 7 жыл ішінде сайлауалды уәделерді жүзеге асыру міндеттері тұр.
4. Белгілі бір күмәнге қарамастан, динамикалық сайлау науқаны барысында президенттікке үміткерлер өз ісінің кәсіби мамандары ретінде Қазақстанның жарқын болашағы үшін өз көзқарастары мен ұстанымдарын іске асыруда батыл, ашық әрі сенімді күрес жүргізе алды.
5. Жеке үміткерлер үшін президенттік жарыста жеңілгенімен, олардың бастамалары жалғасын табуы тиіс. Мәселен, үгіт-насихат кезеңінде кейбір үміткерлер перспективалы жоспарлар құрып, сайлаушылармен байланыс орната алды. Енді біз осы кандидаттардың саяси амбициясы парламенттік сайлау науқаны кезінде қалай жүзеге асатынын көреміз. Кандидаттардың қолында кейінгі табысқа жету үшін барлық қажетті мүмкіндіктер бар. Бұл сайлауға қатысу тәжірибесі, сайлаушылар арасында танылуы және сайлау платформасын одан әрі жаңарту мүмкіндігі.
6. Дауыс беру қорытындысы қазақстандық қоғамның ағымдағы қажеттіліктерінің айқын көрсеткіші болып табылады. Бұл әлеуметтік әділеттілікке, жалпы бірегейлікке және табысты болашаққа деген сұраныс. Бұл ретте баламалы кандидаттар алған дауыстардың пайызы, жалпы алғанда, олардың барлығы, біреулер үлкен дәрежеде, біреулер аз дәрежеде тек атақ-даңққа ғана емес, азаматтардың сенімінің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алғанын көрсетеді.
7. Сайлау бюллетенінде алғаш рет «барлығына қарсы» бағанының пайда болуы, қорытынды көрсеткіштің аздығына қарамастан, белгілі бір дивидендтерге әкелді. Біріншіден, билік азаматтар арасындағы ықтимал наразылық көңіл-күйін өлшей алды. Екіншіден, билік іс жүзінде аймақтық бөліністегі келіспеушіліктердің деңгейін тіркей алды. Үшіншіден, «барлығына қарсы» бағанының нәтижесі жаңа саяси көшбасшылар мен партиялардың әлеуетті сайлаушыларының үлесін көрсетеді.
8. «Барлығына қарсы» бағаны кез-келген азаматтың демократиялық жолмен пікірдің баламалылығына конституциялық құқығын білдіруге және оны дауыс беру арқылы еркін білдіруге мүмкіндік беретін негізгі тетіктердің біріне айналды.
9. «Барлығына қарсы» бағаны «оппозициялық блок» пен кейбір сарапшы-саясаттанушылар атап өткендей, қоғамның бөлінуіне әкелген жоқ.
10. Өткен президенттік сайлаудың басты қорытындыларының бірі Қазақстан азаматтарының саяси мәдениетін одан әрі дамыту болып табылады. Өте жоғары қатысу (Еуропа елдерінің деңгейінде) АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК деңгейін көрсетті.
11. Оппозициялық тұлғалардың наразылық білдіруге шақырғанына қарамастан, объективті себептерге байланысты жаппай толқулар ұйымдастыру әрекеттері сәтсіз болды. Бұл үрдіс қоғамдық санада әртүрлі манипуляциялар мен арандатуларға деген төзімділіктің пайда болғанын, арандатушыларға қарсы тұра алатын парасаттылық мінездің қалыптасқанын көрсетеді.
12. Сайлаушылардың қатысуы мен президенттік сайлаудың нәтижелері еліміздегі саяси жаңғырту бағдарламасының іске асырылу барысын үлкен оптимизммен бағалауға мүмкіндік береді. Еліміздің саяси тарихынының жаңа парағы ашылды. Келесі саяси кезең – парламенттік сайлау.