Үздіксіз электрмен жабдықтау объектілеріне арналған авариялық броны
Үздіксіз электрмен жабдықтау объектілеріне арналған авариялық броны
Қызметінің бұзылуы адамдардың денсаулығы мен өміріне қатер төндіруге, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуына, өңірлердің күзгі-қысқы кезеңде апатты экологиялық, әлеуметтік және экономикалық зардаптарға әкеп соғуы мүмкін объектілердің электр энергиясын шектеуге жол бермеу мақсатында, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті» РММ авариялық брон актілерінің болуы бөлігінде нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын орындау қажеттігі туралы үздіксіз энергия жабдықтау объектілердің өкілдерін назарына жеткізеді.
Үздіксіз энергиямен жабдықтау объектілері (бұдан әрі – ҮЭО) - оларды ажыратып тастау адамдардың өліміне, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуы мүмкін, технологиялық себептеріне байланысты үздіксіз энергиямен жабдықтауды қажет ететін жеке және заңды жеке тұлғалардың шаруашылық инфрақұрылым объектілері.
Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен шарттарына сәйкес авариялық бронның шамасы айқындалатын үздіксіз энергиямен жабдықтау объектілерінің тізбесіне мыналар кiреді:
1) мемлекеттің қауiпсiздігін қамтамасыз ететiн объектiлер;
2) теле-радиокоммуникациялар;
3) сумен жабдықтау, кәрiз және жылумен жабдықтау кәсiпорындары;
4) емдеу мекемелерi;
5) олардың ұсталуы бюджетте көзделген өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін объектілер;
6) титан және магний электролизі тәсілімен үздіксіз өндіретін металлургиялық кәсіпорындардың объектілері;
7) әуе қозғалысына қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн аэронавигациялық ұйым объектiлерi;
8) құс фабрикаларының объектілері.
YЭО тізбесіне қосу шарты объектінің сыртқы электрмен жабдықтау схемасы сенімділік дәрежесі бойынша электрмен жабдықтауы бекітілетін Электр қондырғыларын орнату қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі болып табылады.Объектілер республикалық және жергілікті маңызы бар ҮЭО болып бөлінеді.
YЭО объектiлерiнiң тiзбесiне енгізiлген әрбiр объекті үшiн энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар YЭО өкiлімен бiрлесе отырып, белгіленген Электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарғы сәйкес авариялық бронның актiсiн жасайды.
Авариялық бронның актiсi электр энергетикасы саласында жетекші уәкілетті органға және жергiлiктi атқарушы органға жiберiледi. Авариялық бронның актісi энергиямен жабдықтау шартына және электр энергиясын беру шартына мiндетті қосымша болып табылады.
Жергiлiктi атқарушы орган авариялық бронь актiлерiн алған соң тиiсiнше әрбiр өңiр үшiн авариялық бронды жабуға арналған қажеттi жиынтық электр қуатын айқындайды.
Әрбiр YЭО қалыпты жұмыс iстеуi үшін қажеттi көлемдегi электр энергиясын жеткiзудi энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйыммен YЭО екiжақты шарттың негiзiнде жүзеге асырады.
Энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың іс-әрекеттерінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ консультациялар алу үшін тұтынушылар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаментіне Талдықорған қаласы,Қаратал шағын ауданы, 60В, 103-кабинет мекенжайы бойынша немесе 8 (7282) 41-64-64 телефоны бойынша хабарласа алады.