01
сентябрь
2022
«Жалпы құқықтық білім беру»
01.09.2022 жыл № 12 орта мектеп-гимназиясында 1 қыркүйек «»Білім күніне» орай 8-11 сынып оқушыларына Жетісу облысы ПД Тергеу басқармасының тергеушісі Аубакирова Асель Аманбековна «Жалпы құқықтық білім беру» бағытымен «Қылмыстық жауаптылықтың жасы», «Есірткі қылмысының алдын алу», «Зорлық-зомбылықтың құрбаны болып қалмау және өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгінуге болады?» тақырыптарында лекция оқыды. Главная мақсаты: жасөсіпірімдер арасында қылмыс, құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушыларға құқықтық білім беру, балалардың өмір қауіпсіздігін саақтау. Лекция барысында қазақ және орыс тілінде слаид көрсетіліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Талдықорған ҚПБ ЖПҚ ЮПТ-ның учаскелік аға инспекторы Досанова Д.Д. оқушыларға түнгі уақытта жүру қауіптерін, жауапкершіліктерін қайта естеріне салып, түсіндіріп өтті. Директордың тәрбие орынбасары Саркытбаева А.К. Оқу жылының басталуына орай , мектепке қарай, мектептен үйге қайту жолында Жол ережесін сақтап жүруді қатаң ескертіп өтті.