Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады? » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 25-21-11
Бухгалтерия
+7(7282) 25-21-11
Версия для
слабовидящих
» » Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?
19
декабрь
2022

Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?

salyty-shegermder-degenmz-ne-zhne-ony-kmegmen-alaj-nemdeuge-bolady.docx [209,75 Kb] (cкачиваний: 16)
Посмотреть онлайн файл: salyty-shegermder-degenmz-ne-zhne-ony-kmegmen-alaj-nemdeuge-bolady.docx

Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?


Қазақстандық қызметкерлер заң бойынша салықтық шегерімдер ала алады, яғни мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдерді қысқарту есебінен ақшаларын үнемдей алады. Одан салық төлеушілердің қалай ұтатыны туралы Fingramota.kz айтып береді. 

Салықтық шегерім – бұл одан салық төленетін кіріс мөлшерінің азаятын сомасы. Оны мемлекеттен жеңілдік не қолдау деуге де болады, ол бұрын бір жылдың ішінде төленген салықты қайтаруға немесе салықты азырақ төлеуге мүмкіндік береді. 

Қазақстанда салықтық шегерімдер:

- барлық кірістің 10%-ы мөлшеріндегі жеке табыс салығын есептеу кезінде;

-  қызметкердің кірісі есептелетін әрбір айға, кейбір жағдайларда уәкілетті орган және сізге тізімі кадр қызметінде ұсынылуға тиіс құжаттарда белгілеген нысан бойынша салықтық төлемдерді қолдану туралы қызметкердің өтініші негізінде қолданылады.


Салықтық шегерімдердің қандай түрлері бар?


Заң бойынша кірістердің мынадай түрлеріне салық салынады: қызметкердің, оның ішінде резидент-еңбек иммигранты мен домқызметкерінің кірісі; тауарлар, көрсетілетін қызметтер, жұмыстарды өткізуден түсетін кіріс; үшінші адамның орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер, тауарлардың құны үшін жасаған төлемі түріндегі кірісі; берешекті өтеу есебіне орындалатын жұмыстар не қызметтер түріндегі кіріс;  ақысыз алынған мүлік, кешірілген борыш немесе борышкерге қойылатын талаптарды азайтудан болатын кіріс; зейнетақы төлемдері мен шәкіртақы; жинақтаушы сақтандыру бойынша кіріс; дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар,  репо операциялары бойынша сыйақылар; ДК немесе жеке практикамен айналысатын адамның кірісі; қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс.

Қызметкерге ЖТС бойынша шегерімдердің төмендегі түрлері берілуі мүмкін:


- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түріндегі шегерім – «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңнамасында белгіленген мөлшерде;

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) төленетін жарналар бойынша шегерім  –  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ҚР заңнамасында белгіленген мөлшерде;

- зейнетақы төлемдері мен жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша шегерім


Бұдан басқа, стандартты салықтық шегерімдер, оның ішінде 14 АЕК мөлшеріндегі ай сайынғы шегерімдер болады.  

Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік айға қолданылады. Бұл ретте, бір күнтізбелік жылға стандартты шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 168 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс  (2022 жылы: 168 АЕК *3063=514 584 теңге). 

АЕК – бұл айлық есептік көрсеткіш. 2022 жылы оның мөлшері
 3 063 теңгені құрады. Тиісінше   стандартты салықтық шегерімнің мөлшері (14АЕК*3063)  2022 жылы 42 882 теңгені құрайды. 


Мысалмен қарастырып көрелік 


Егер Сіздің жалақыңыз 200 мың теңге болса, 14 АЕК мөлшерінде шегерімге өтініш берген кезде ЖТС-ны есептеу мынадай түрде жүзеге асырылады: 

  1. Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) жалақы мөлшерінің 10%-ын құрайды, бұл 20 мың теңге.
  2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМСЖ) жалақы мөлшерінің 2%-ын құрайды, бұл 4 мың теңге.
  3. Жеке табыс салығы (ЖТС) мынадай формула бойынша есептеледі: (Жалақы – МЗЖ – МӘМСЖ – 14 АЕК) * 10% = (200 000 – 20 000 – 4 000 – 42 882)   * 10% = 13 312 теңге.

Осылайша, ЖТС 13 312 теңгеге тең. Яғни, Сіз қолыңызға алатын жалақыңыз   200 000 – 20 000 – 4 000 – 13 312 = 162 688 теңге – бұл зейнетақы жарналарын, МӘМС-қа жарналарды және табыс салығын алып тастағанда жалақыңыздың сомасы. 


Енді ипотека бойынша салықтық шегерімді есепке ала отырып, есептеу жүргізелік. Мысалы, Сіз 15 жылға ипотека ресімдедіңіз, ай сайын 80 мың теңге төлеп отырсыз, оның ішінде банктің сыйақысы 50 мың теңгені құрайды.   Шегерімді есепке алғанда, ЖТС-ті есептеуге арналған формула мынадай болады:  (Жалақы  – МЗЖ – МӘМСЖ – 14 АЕК – ипотека бойынша ай сайынғы төлемдердегі сыйақы сомасы   (кредит бойынша %). Осылайша, шегерімді есепке алғанда, ЖТС 8 312 теңгені құрайды.  Сіз МЗЖ, МӘМСЖ және ЖТС алып тастағанда –   167 688 теңге аласыз. 

Сыйақы бойынша салықтық шегерімнен кейінгі және оған дейінгі айырманың қанша болатынын салыстырып көрелік: 162 688 теңге – 167 688 теңге = 5 мың теңге.  


Сіздің ай сайынғы пайдаңыз дәл осылай болады, яғни ай сайын сіз салық бюджетіне есептен шығарылмайтын, бірақ сізде қалатын бұл соманы «үнемдейсіз».


Сонымен қатар, стандартты салықтық шегерімдерге азаматтардың белгілі бір санаттарына, оның ішінде мүгедек адамдарға, ҰОС қатысушыларына, мүгедек балалардың ата-аналарына немесе қамқоршыларына белгіленген 882 АЕК мөлшерінде шегерімдер жатады.

Осылайша, 882 АЕК мөлшеріндегі салықтық шегерім азаматқа Салық кодексінің осындай тармақтарын қолдану күніне төмендегідей тұлға болып табылатындығы негізінде беріледі:

- бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар адам; 

- мүгедектігі бар бала. 

-мүгедек баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі - ол 18 жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін;

– «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін – оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі; 

- асырап алынған бала 18 жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін –бала асырап алушылардың бірі; 

- жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасыға беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде әрбір осындай адам үшін – жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдайтын отбасыға. 

Осы тармақшаның ережелері:

- қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің қызметкерлеріне қатысты олардың осындай ұйымдармен еңбек қатынастарында болуына байланысты;

- Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге тұратын (ерлі-зайыптылықта болатын) адамдарға қатысты қолданылмайды.

Салық кодексінің 346-бабының 2-тармағында осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген стандартты шегерімдердің осы салықтық шегерімдерді қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылда қолданылатыны белгіленген.

Сондай-ақ Қазақстанның салық заңнамасында мыналар жататын басқа да салықтық шегерімдер де көзделген:

- ерікті зейнетақы жарналары бойынша шегерім; 

- медицинаға шегерім; 

- сыйақылар бойынша шегерім. 

Мысалы, медицинаға салықтық шегерімді Қазақстанның резидент жеке тұлғасы өз пайдасына (косметологиялықтан басқа) жүргізілген медициналық қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады

Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы Қазақстан Республикасының Тұрғын домқұрылыс жинақтары туралы заңнамасына сәйкес республика аумағында тұрғын домжағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын домқұрылыс жинақ банктерінен алған ипотекалық тұрғын домқарыздары бойынша сыйақы төлеуге арналған өз пайдасына жүргізілген шығыстар бойынша қолданады


Салықтық шегерімдерді қалай алуға болады?


ҚР Салық кодексіне сәйкес салықтық шегерімдер қатаң белгіленген ретпен беріледі. Оларды алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш және растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуы қажет

Мысалы, ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімін алу үшін дәлел ретінде тиісті шартты және ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжатты ұсыну қажет


Шегерімдердің мөлшері неге байланысты?


2022 жылдан бері ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша салықтық шегерімдер ең төменгі жалақы (ЕТЖ) сияқты есептік көрсеткіштен басқа көрсеткішке – АЕК-ке ауыстырылды. Сондай-ақ ЕТЖ-ны тек салықтық емес, әлеуметтік және басқа да салаларда есептік көрсеткіш ретінде қолдануды алып тастау тапсырылды. Осылайша, жыл сайын шегерім мөлшері АЕК-ке байланысты өзгеріп отырады. 

Мысалы мөлшері 25 АЕК-тен аспайтын (2022 жылы – 76 575 теңге) кірістер бойынша салық салынатын кірісті 90%-ға азайту көзделген. Яғни, ЖТС нақты мөлшерлемесі 1%-ды құрайды. Сондықтан жалақы бұл сомадан төмен болған кезде, мысалы 60 мың теңгеге: 

- 10% немесе 6 мың теңге МЗЖ, 

- осы соманың 2%-ы немесе 1200 теңге МӘМСЖ;

- 14 АЕК немесе 42 882 теңге мөлшерінде стандартты салықтық шегерім;

- қалған соманың 90% (9 918 теңге). 

Нәтижесінде ЖТС 1%-ды немесе 99 теңгені (991,8 теңге *10%) құрайды.

Ал, мысалы жалақы сомасы 25 АЕК-тен жоғары, яғни 76 575 мың теңгеден астам болса, ЖТС есептеулері сәл өзгеше болады. Сонымен, жаақы 100 мың теңге мөлшеріндегі жалақыны алсақ, одан сол салықтар шегеріледі: 

-  МЗЖ – 10 мың теңге

- МӘМС – 2 мың теңге

- стандартты салықтық шегерім – 14 АЕК – 42 882 теңге.

Салық салуға алынған сома 45 118 теңге. 

Нәтижесінде ЖТС сомасы 4 512 теңгені (45 118*10%) құрайды


Толығырақ ақпарат алу үшін сіз ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгіне аласыз (сайты https://kgd.gov.kz). 


Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!