01
май
2024
Ғани Бейсембаев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан педагогтерге алғысын білдірді

➖➖➖➖➖➖➖➖
Гани Бейсембаев выразил благодарность педагогам, принимавших участие в противопаводковых мероприятиях
«Төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялық пунктерде балалар мен тұрғындарға психологиялық көмек көрсеткен 400 ден астам мектеп психологтарымен, өз міндеттерін атқара жүріп, келген қиындықты елмен бірге еңсеруге қатысқан 29 мыңнан астам педагогтер мен білім саласы қызметкерлерінің өлшеусіз еңбектерін ерекше атап өткім келеді.
Мәселен, Маңғыстау облысының педагогтері Атырау облысынан келген отбасыларды өз үйлерінде қабылдап, ұйымшылдықтың ерекше үлгісін көрсетті. Ақмола облысындағы әріптестеріміз арнайы мектеп интернатының тәрбиеленушілерін өз үйлеріне орналастырып, қамқорлыққа алды.
Әсіресе, Қостанай облысы, Алтынсарин ауылында орналасқан мектеп ұжымы елді мекенге қарғын су кірген шақта ең алдымен мектепті қорғап қалды. Педагогтеріміздің бұл қаракеті – үлкен ерлік пен шынайы азаматтықтың белгісі.
«Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта» деген.
Еліміздің білім беру жүйесінде өздеріңіздей жауапкершілігі жоғары, білікті мамандардың болғанын мақтан тұтамын, әрі баршаңызға оқу ағарту министрлігі мен жеке өз атымнан ерекше ықыласты ризашылығымды білдіремін!»