Попечительский советінің отырысы » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 25-21-11
Бухгалтерия
+7(7282) 25-21-11
Версия для
слабовидящих
17
ноябрь
2020

Попечительский советінің отырысы

«№12 орта мектеп гимназиясы» отдела образования Шуского района

Попечительский советінің отырысы

Хаттама №2

17.11.2020ж 
 Попечительский советтің отырысына қатысқандар:

Т.Н.Андриянова – мектеп директоры 

С.Д.Жолжаксынова – директордың ТЖ орынбасары 

А.К.Саркытбаева- директордың ТЖ орынбасары  

М.Әбейталипова-әлеуметтік педагог        

11 қамқоршылық кеңестің мүшелері

Күн тәртібінде:

  1. Аз қамтылған отбасыларына компьютерлік техниканы тарату туралы. 

Тыңдалды: Директордың ТЖ орынбасары А.Саркытбаева: сөз алып, ҚР Білім және ғылым министірлігінің Пандемия кезінде білім беру ұйымдарында, COVID-19қоронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы 31.03.2020 №121 шығыс бұйрығымен таныстыра отырып, ондағы  «Заңнамада белгіленген тәртіппен қашықтықта білім беру технологиясы кезінде білім беру процесіне қатысушылар үшін жағдай жасау ( білім беру ұйымдарының балансынан педагогтер мен ата-аналардың материалдық жауапкершілігіне беру, сондай-ақ компьютерді, ноутбуктар, планшеттерді сатып алу, флеш-карталар, мобильді қосымшалар және басқа да құралдар арқылы жеткілікті жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету) бойынша қажетті шаралар қабылдансын, бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше назар аударсын»  делінген 15- бөлімін орындау мақсатымен 2020-2021 оқу жылы қашықтан оқыту режиміне байланысты Мемлекет тарапынан компьтерлік техникалар ( ноутбук, планшет, компьютер) беріліп жатқанын айтып, біріншіден, Мемлекеттен атаулы көмек алатын отбасыларға берілетінін ескертіп айтты. Сонымен қатар, аз қамтылған, көпбалалы отбасы және жетім балаларға да міндетті түрде берілетіні айтыла отырып, басқада тұрмыстық-материалдық жағдайына байланысты өтініш берілген отбасылар да қамтылатынының түсіндіріп өтті.

Сөйледі: Попечительский советінің төрағасы Б.Б.Енкенов  сөз алып, Мемлекеттен берілетін көмектің маңызы зор екендігін, қазіргі Пандемия кезіндегі қашықтан оқыту режимінде балалар үшін үлкен көмек болғандығын айтып, өз пікірін білдіріп өтті.

Шешім: 

  1. Мемлекет тарапынан берілген компьютерлік техникалар АСП алатын отбасыларға, аз қамтылған, көпбалалы, жетім балаларға және өтініш берген отбасыларға тегін таратылсын.
  2. Мектеп бойынша өмірдің қиын жағдайларына тап болған отбасылар толығымен компьютерлік техникамен қамтамасыз етілсін

Жиналыстың төрағасы                              Б.Б.Енкенов

Хатшысы                                                   Е.Н.Пискунова