МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МАҢЫЗДЫ ІС
Өткізілген тренинг бойынша анықтама
20 қаңтар күні мектеп психологі мен сынып жетекшілері «Мамандық таңдау-маңызды шешім» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларына арналған онлайн тренинг өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың мамандық таңдауытуралы ойларын кеңейту, нығайту.Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру.
· Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай рухта тәрбиелеу
· Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру. Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай алуын дамыту
Әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады деп ойлаймыз. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың қызығушылын тудырған мамандық белгіленеді. Оқушылар бір біріне сұрақ қою арқылы тағы шешім табуға болатыны анықталды. Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесің?
1. Мамандық таңдау не үшін керек?
2. Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін ең әуелі не керек?
3. Мамандық таңдауды қалай қабылдайсың? Қорқынышты ма?
4. Өзіңді мамандықтар әлемінде табу дегенді қалай түсінесің?
5. Дұрыс таңдалмаған мамандық немесе мамандық таңдауда кездесетін қателіктердің келешекте қандай әсері болады деп ойлайсың?
Өз болашағың өзіңнің қолыңда! Дей келе өз болашағың анықтауда суйенетін ережелермен таныстырылды.
Дайындаған С.Жолжаксынова
Тренинг тақырыбы: «Мамандық таңдау маңызды іс»
Тренинг мақсаты:
· Оқушылардың мамандық таңдауытуралы ойларын кеңейту, нығайту.Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру.
· Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай рухта тәрбиелеу
· Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру. Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай алуын дамыту
Тренинг барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Болмасаң да ұқсап бақ ...»
Бүгінгі әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады деп ойлаймыз. Алғашқы сұрағымыз:
1. Сіз өз мамандығыңызды қашан таңдадыңыз?
2. Мамандық таңдауда неге сүйендіңіз?
3. Мамандық таңдауда сізге ықпал болды ма? Кімдердің ықпалы көбірек болды?
4. Өз балаңыздың мамандық таңдауына ықпалыңыз бар ма?
5. Жақсы маман болу үшін сіздің ойыңызша не қажет?
6. Таңдаған мамандығыңызды өзгерткен кезіңіз болды ма? Не себепті таңдауды өзгерттіңіз?
7. Біздің оқушыларға мамандық таңдау туралы қандай ақыл-кеңес айтасыз?
8. Адамның өз мамандығына қанағаттануы дегенді қалай түсінесіз?
Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.
1. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?
2. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
3. Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?
4. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?
ІІІ. «Сен қай мамандықты таңдадың?» Оқушылармен сұхбат.
Құрметті жас дос!
Сен өз келешегіңді таңдау алдында тұрсың!
Осы жолды бастар алдындағы негізгі міндетің мамандық таңдау. Ендеше
1. Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесің?Мамандық таңдау не үшін керек?
2. Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін ең әуелі не керек?
3. Мамандық таңдауды қалай қабылдайсың? Қорқынышты ма?
4. Өзіңді мамандықтар әлемінде табу дегенді қалай түсінесің?
5. Дұрыс таңдалмаған мамандық немесе мамандық таңдауда кездесетін қателіктердің келешекте қандай әсері болады деп ойлайсың?
6. Мамандық таңдау сеніңше қалай орындалады?
7. Өз таңдаған мамандығыңның адамға қояр талаптары мен оқу шарттары туралы білесің бе?
(жабық сауалнама )
Нәтижесінде:
5 оқушысы, яғни 75%-ы ”толық хабардармын”,
2 оқушысы, яғни 10%-ы ”аз ғана хабардармын”,
3 оқушысы, яғни 15%-ы “ хабарым жоқ”.
ІV. Оқушылардың орналасу картасының жобасын көрсету.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет,сондықтан біздің болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек!Ендеше мамандықты дұрыс
таңдай алатын мектеп түлегінің моделі қандай болу керек деп ойлайсыңдар?
V. Школьникам ескерту ережелер:
Өз болашағың өзіңнің қолыңда! Ендеше өз болашағыңды анықтауда мына ережелер назарыңда болсын:
· Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне назар аударып қана қоймай, мүмкіндігінше қалаған мамандығың жөнінде көбірек білуге тырыс.
· Өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істегеуді игергенің аса пайдалы.
Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес екендігін есіңде сақта!
Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген ойдан аулақ бол!
Сен үшін өзіңнің қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалы екенін есіңде ұста!
“Жақсы адам”- бұл мамандық емес.Егер саған бір адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деген қортынды жасауға болмайды.
Заман ағымына қарай кейбір мамандықтар ескіріп, оның орнын басқа мамандықтар басып жатыр.Сондықтан қосалқы таңдаған мамандығың болуы шарт
Мүмкіндігіңше өзіңнің таңдаған мамандығыңның өз денсаулығыңа сай келетін- келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның дұрыс!
Өзіңмен алдын –ала психологиялық зерттеу жүргізбей –ақ , нық қадам жасап таңдай беруге болатын бірде бір мамандықтың жоқ Өзіңмен алдын –ала психологиялық зерттеу жүргізбей –ақ , нық қадам жасап таңдай беруге болатын бірде бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта!
VІ. Сабақты қорытындылау. мұғалімнің қортынды сөзімен:«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, бұл кездесу оқушылардың болашақта өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріне өз таңдауларын жасауға үлкен септігі тиеді деп ойлаймыз.