БАНКРОТТЫҚ РӘСІМДЕРІ МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-21-11
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-21-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАНКРОТТЫҚ РӘСІМДЕРІ МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
09
январь
2023

БАНКРОТТЫҚ РӘСІМДЕРІ МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

БАНКРОТТЫҚ РӘСІМДЕРІ МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ  infografika-kaz-2.pdf [1,16 Mb] (cкачиваний: 6)
Посмотреть онлайн файл: infografika-kaz-2.pdf

1. СОТТАН ТЫС БАНКРОТТЫҚ ЗЕДБ, МҚҰ және коллекторлық агенттіктердің алдындағы қарыздар бойынша өтініш www.egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы беріледі. Шарттары: 1.Қарыз 1600 АЕК-тен аспайды және 12 ай ішінде төлем жасалмаған болса; 2.Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) жоқ 3.Кредиттік шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу немесе өндіріп алу жөніндегі рәсімдер жүргізілген болса. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Алты ай бойы атаулы әлеуметтік көмек алатын борышкер кешіктірілген мерзімді ескерусіз аталған рәсімді қолдануға өтініш бере алады.
2. СОТ АРҚЫЛЫ БАНКРОТТЫҚ Барлық кредиторлар алдындағы қарыздың барлық түрлері бойынша өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Нені білу керек: 1.Сот арқылы банкроттық барысында борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады; 2.Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот арқылы банкроттық барысында алып қоюға құқылы; 3.Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді; Қаржы басқарушысы тағайындалады. Оның қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ЕТЖ), ХӘОТ-қа тегін. Банкроттықты жүргізу мерзімі - 6 айға ұзарту мүмкіндігімен 6 ай. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Осы рәсімді қолдану барысында борышкерге: - мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау бойынша мәмілелер жасауға (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілдемелер беруге); - шетелге шығуға тыйым салынады.
3. ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі, қарыздың мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспайды. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі. Қалпына келтіру шаралары: - мүліктің бір бөлігін сатуды; - мүлікті жалға беруді; - жаңа үй сатып алу арқылы тұрғын үйді сатуды; - құны төмен тұрғын үйге айырбастауды және басқаны қамтиды. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл рәсімнің артықшылығы осы рәсімнен кейін борышкерге «банкрот» деген мәртебе берілмейтіндігі болып табылады, яғни оған банкрот болған адам үшін көзделген салдарлар қолданылмайды, сондай-ақ шетелге шығуға тыйым салу түрінде шектеулер жоқ