Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 25-21-11
Бухгалтерия
+7(7282) 25-21-11
Версия для
слабовидящих
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
01
сентябрь
2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының ел дамуы жолындағы маңыздылығы орасан зор.Бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында көптеген мәселелер қозғалып,атап өтілді:

Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балалардың арнайы есепшотына аудару ұсынылды. Шоттағы қаржыны тек 18 жасқа толғаннан кейін, баспана немесе білім алу мақсатында ғана шешуге болады.Бұл жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асады.

2028 жылға дейін әйелдер үшін зейнет жасы 61 жас болады. Зейнетақы жүйесі қайта жасақталады.

Бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала бір жарым жасқа келгенге дейін төленетін болады (2023 жылдан бастап).

Жоғары білім алу үшін жылына 2-3
пайызбен жеңілдетілген несие беріледі.

Биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауы өткізіледі.

Президент мандатының ұзақтығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу ұсынылды.

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалады.

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілетін болады.

Ең төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеден, 70 мың теңгеге көтеріледі. Бұл – 1,8 млн адамды тікелей қамтиды.