"Мен және менің құқығым" » "№12 орта мектеп-гимназиясы" Талдықорған қаласы
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№12 орта мектеп-гимназиясы"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 25-21-11
Бухгалтерия
+7(7282) 25-21-11
Версия для
слабовидящих
05
декабрь
2023

"Мен және менің құқығым"

"Мен және менің құқығым"

             "Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты" демекші әр жеке тұлғаның өзіндік құқықтары болады.

         Қазіргі уақытта біздің мектебімізде оқушыларға құқықтық тәрбие беру әрқашан жүргізіліп жатыр. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет екенін түсіндіріледі.

                         Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:  отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Әлемде күннің әр таңында  қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар.

 Біздің елімізде адам құқықтары және міндеттеріне байланысты бір емес, бірнеше заңдар қабылданған. Осы заңдар мен құқықтардый білу әрқайсымыз үшін өте маңызды. Себебі ешкім өмірде өзін не күтіп тұрғанын білмейді және өмірде әртүрлі жағдайлар бастан өтеді. Міне, осындай жағдайларда әр адам өзін қорғап, ақтай алуы керек. Сондай-ақ өзіндік құқықтарды білу, адамға өзіне тиесіліні алуға көмектеседі. Сол себептен мен қазір сіздерге адам құқығының ең маңызды, ең қажетті деген бірнеше құқықтарын айтқым келіп отыр. Ал ендеше бастайық! Біріншіден, әр адамның кез-келген жерде өз ойын анық жеткізуге және де өз бетімен шешім   қабылдауға толық қанды құқығы бар. Сондай-ақ әр азаматтың әсересе балалардың мектепте тегін білім алуға, тегін медицина көмегіне жүгінуге құқығы бар. Сонымен қатар әр адам өзін қорғауға, яғни бұл дегеніміз, егер біреу сізге жамандық жасап немесе әділетсіздік көрсетсе онда ол адамның үстінен сотқа арыз жазуға құқылы. Сонымен қатар әр тұлғаның жеке бас бостандығына ие болуына толық қанды құқығы бар. Яғни бұл дегеніміз жеке тұлғаның өміріне біреудің қол соғуына тиым салынады дегенді білдіреді. Бұлардан басқа айта кететін ең маңызды нәрсе ол әр адам өзінің діні мен тілін қорғауға толық қанды құқылы. Себебі  біреудің тілі мен дініне қарап сөгуге ешкімнің қақысы жоқ. Сондай-ақ бұл жерде жазылмаған әлі талай азаматтық құқықтар бар және біз оларды білуіміз керек. Себебі өз азаматтық құқықтарымызды білу арқылы сіз кез-келген жерде өзіңізді қорғап, ақтап шыға аласыз. Өз құқығымызды білу бізге қауіпсіз және тыныш өмір сүруге көмектеседі. Міне сондықтан да адамдардың өз құқықтарын білуі өте маңызды!


                                               10 «Ә» сынып оқушысы Еркінқызы Меруерт